"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БІРЖАН САЛ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ БІРСУАТ  АУЫЛЫНЫҢ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ" КММ
КГУ "ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА  СЕЛА БИРСУАТ ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ  ПО РАЙОНУ БИРЖАН САЛ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

Әлеуметтік желілер

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Өзін - өзі тану"пәні бойынша шығармашылық апталығы

24.02.2017

Бірсуат орта мектебінде ақпан айының 2 жұлдызында оқушылар бойындағы адамгершілік,ізгілік, қоршаған ортаға деген патриоттық сезімін күшейту мақсатында,  өзін-өзі тану пәні мұғалімдерінің  ұйымдастыруымен  «Өзін-өзі тану: Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» атты онкүндіктің ашылу рәсімі салтанатты жиын түрде өтті. Жиында оқушылар мен мұғалімдер онкүндік жоспарымен таныстырылды. Жиын соңында барлық қатысушылар «Шаттық шеңберіне» тұрып, бір-біріне жақсы тілектер айтты. Ақпан айының  3 жұлдызында мектеп кітапханасында «Мейірім төгетін ана» атты рухани-адамгершілік бағдарламасының авторы С.А.Назарбаеваның қызметі жайлы көрме ұйымдастырылып,оқушыларға адамгершілік тұрғыдан көп ақпараттар берілді.Сенбі күні оқушылардың өнерге деген махаббатын және шығармашылық қабілетін арттыру мақсатында «Махаббат пен шығармашылық» атты балалар мен ата-аналардың қатысуымен мерекелік концерт өтті. Концерт барысында өнерлі

оқушыларың орындаған ән-би кешін ата-аналар қауымы тамашалады.Сонымен қатар би үйірмесінің  оқушылары ортаға бірнеше билерін тарту етті.6 ақпан күні оқушылардың анаға деген мейірімін арттыру мақсатында, «Алтын жүрек анамыз» атты мәнерлеп оқу байқауы ұйымдастырылды. Оқушылар ана,достық,бейбітшілік жайлы өлеңдер оқыды.7 ақпан күні 9-10 сыныптар аралығында оқушылардың патриоттық сезімін арттыру мақсатында  «Мен өз елімнің патриотымын» атты дебат түрінде пікір таластыру ойыны өткізілді. Оқушылар Екі топқа бөлініп,арнайы тапсырмалар мен сұрақтар қойылды.8 ақпан күні ана,достық, бейбітшілік тақырыбына жайлы оқушылардың шығармашылық жұмыстарының көрмесі ұйымдастырылды.9 ақпан күні «Ән – көнілдің ажары» атты ән сайысы өтті. Балалар өздерінің сүйікті  әндерін орындады.10 ақпан күні Глинова Г. Г. 1-сыныптарда «Доброта – солнце, согревающее сердце человека», Жақсыбергенова А.К.3-сыныпта «Я патриот своей Родины», Сагитова А. А. 5-6 сыныпта «Қызығы толы бұл әлем»,9-10 сыныпта «Өнеге отбасынан» атты сабақтар өткізілді.11 ақпан күні бастауыш сынып оқушыларының арасында шығармашылықты дамыту мақсатында қызықты ойындарұйымдастырылды. Жеңген оқушылар марапатталып, алғыс хаттар алды. «Өзін-өзі тану: Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» атты онкүндік іс-шарасы жабылуы күні болды. Онкүндік бойынша атқарылыған жұмыстар бойынша қорытынды жайлы өзін-өзі тану пәні мұғалімдері Сагитова А.А және Глинова Г.Г. қысқаша тоқталып өтті.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотров: 683


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст