Текст
Бірсуат орта мектебінде ақпан айының 2-11 жұлдызы аралығында оқушылар бойындағы адамгершілік,ізгілік, қоршаған ортаға деген патриоттық сезімін күшейту мақсатында, өзін-өзі тану пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен «Өзін-өзі тану: Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» атты онкүндік болып өтті. Жиында оқушылар мен мұғалімдер онкүндік жоспарымен таныстырылып,жоспар бойынша жұмыстар жүргізілді.. Жиын соңында барлық қатысушылар «Шаттық шеңберіне» тұрып, бір-біріне жақсы тілектер айтты.