Бірсуат орта мектебінде 15 ақпан «Ауған әскерлерінің шығарылғанына 28 жыл» толуына байланысты «Ерлік сабақтары» тақырыбы аясында 7-11 сынып оқушылары арасында өскелең ұрпақтың өзіндік азаматтық елге деген сезімін арттырып, ата-заңымызды қадірлеуге, тәуелсіздіктің баға жетпес байлық екенін сезіндіру және ауған ардагерлерін құрметтеу мақсатында тәрбие сағаты өткізілді. Іс-шараға ауыл тұрғыны, ауған соғысының ардегері Мурсалимов Амангелді Тапешовичті арнайы шақырылды.Сабақ барысында оқушылар ерлік туралы өлең шумақтарын оқыды. Тәрбие бөлімінің меңгерушісі Қасымов Жантас Инаятханұлы ауған соғысы туралы кең көлемде ақпарат беріп, тақырып бойынша видео роликтер мен слайдтар көрсетті. Кездесу аясында Ардагер кісіге оқушылар сұрақ қойып, пікір алмасты. Қазіргі жастардың бойында Отанға деген махаббат пен сүйіспеншілікті ардагерлердің ерлігін көріп, оқушыларда үлгі ала отырып, олардың елі үшін жасаған ерліктерін мақтаныш пен айтатындығын жеткізді.Кеш соңында мұғалімдер мен оқушылар ауған ардагерімен естелік суретке түсті.