Бірсуат орта мектебінде ел арасында діни сенімдер мен діндердің пайда болуы, орнығуы мен дамуы туралы білімі, діннің мәнін, оның адам өмірі мен қоғамдағы алатын орны, мақсаты мен мұратын түсіне, ажырата алу, өзін және жақындарын деструктивті, экстремистік және радикалды діни ағымдардың ықпалынан қорғай алу біліктілігі, зайырлылық ұстанымға және жоғары адамгершілік қасиеттер мен ізгілікті дүниетанымға ие тұлғасының қалыптасуына жағдай жасау мақсатында 9-11 сынып оқушылары арасында «Зайырлылық және дінтану» тақырыбында арнайы сабақ жүргізілді. Дінтану сабағы бойынша Хасенова Гулзираш Тасболатовна оқушыларға Қазақстан Республикасының дін
жөніндегі заңнамаларды түсіндіріп қазіргі таңда қоғамда болып жатқан, түрлі діни ағымдаран сақ болуға және Қазақстан зайырлы мемлекет екені жайлы кеңінен ақпараттар берді. Сабақ барысында діни экстремизмге қарсы видео көрсетілді.Оқушылардың сұрақтары бойынша тиісті жауаптар беріліп, әлеуметтік желіде басқа діни сайттарға кірмеуге ескертілді.Сонымен қатар оқушылар әр елдің (қазақ,үнді) дәстүрі мен дін туралы ақпараттармен танысып, киімдерін киіп,баяндама оқыды.