Тәуелсіздік - баға жетпес байлығымыз
Тәуелсіздік ата-бабаларымыздың сан ғасырлық арманы. Бейбітшілік күннің бейнесін біздерге сыйлау үшін қаншама тер төгіп, қанша ерлік жасады. Зұлмат соғыстың кесірінен қаншама аналарымыз баласынан, қаншама жас әйелдер жолдасынан, қаншама балалар әкесінен айырылды. Қазақ «қайсар халық» деп бекер айтылмаса керек. Осындай қиын-қыстау заманнан ат басын қайтармай, жарты жолдан тоқтап қалмай, қазақ туын көкке желбіретті. Міне, бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 25 жыл толып отыр. Тәуелсіз еліміздің бүгінгі жетістігі жаман емес. Бейбіт елдің ұрпақтары да шүкір,бақытты ұмыр кешуде.Мен қазір ұстаздық қызмет атқарудамын. Мен мамандығымды мақтан тұтамын. Менің оқушылар алдындағы міндетім, оқушылар білімін жетілдіре отырып, оларға тәуелсіз күннің қадір-қасиетін түсіндіріп отыру,менің азаматтық борышым деп білемін. Белгілі ғалым Әл-Фараби атамыз «Тәрбиесіз берілген білім, адамзаттың қас жауы» деп айтқандай, оқушыға бірінші түзу тәрбие жолын санасына сіңіру керек деп ойлаймын. Бүгінде Бірсуат орта мектебінде оқушылар бойына патриоттық сезім қалыптастыру мақсатында, тәуелсіздіктің баға жетпес байлық екенін сезіндіру мақсатында Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай «25 жұлдызды күн» іс-шарасы ұйымдастырылды. 25 күн бойы оқушылармен түрлі бағытта сыныптан іс-шаралар өткізілді.Елбасымыздың Мәңгілік ел құрудағы идеясы жайлы ақпарат беру мақсатында «Мәңгілік ел» атты тақырыпта барлық сыныптарда желтоқсан айының 14-15 аралығында 1-11 сыныпта аралығында сынып сағаттары өткізілді. Сонымен қатар 15 желтоқсан күні сағат 15:00-де Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына орай, Астанамыздың 18 жыл толуына орай «Тәуелсіздік – деп соғады жүрегіміз» атты мерекелік концерт өткізілді. Мерекелік кеште мектеп оқушыларының Тәуелсіздік жайлы жыр жолдарымен сусындап, патриоттық әндер шырқады. Сонымен қатар «Туған жер» тақырыбында патриоттық флешмоб биі өткізілді. Мектептегі «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына жаңадан оқушыларды қабылдау рәсімі өткізілді. Тәуелсіздікпен қатар келген Жасұландықтар туған жерін қорғауға, тәуелсіздігімізді құрметтеуге ант беріп, болашақ ел дамуына үлес қосар патриот жастар болатындарына сенім білдірді.Мерекелік концертке ата-аналар мен ауыл тұрғындары қатысты.Жасап жатқан әрбір іс-шарамыздың тәрбиелік мәні зор деп ойлаймын. Бүгінгі жастар тәрбиелі,білімді,талантты болса, елдің келешегі жарық болмақ. Тәуелсіз ел мәңгілік болып, әрбір ұрпақ қазақ елінің дамуына үлес қосады деген ойдамын. Жаратқан Алла Тәуелсіздіктің әрбір сәтін баянды еткей!
Бірсуат орта мектеп директорының
тәрбие ісі-жөніндегі орынбасары: Қасымов Ж.И.