"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БІРЖАН САЛ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ БІРСУАТ  АУЫЛЫНЫҢ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ" КММ
КГУ "ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА  СЕЛА БИРСУАТ ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ  ПО РАЙОНУ БИРЖАН САЛ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

Әлеуметтік желілер

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

1 наурыз – "Алғыс айту күні" мерекесі

06.03.2017

Бірсуат орта мектебінде ақпан айының 27-нен  бастап, 4-ші наурызға дейін «Алғыс айту күні» мерекесі аясында жұмыс жоспарына сәйкес бірқатар іс-шаралар өткізілді. Алғашқы күн апталықтың ашылу күні болды. Оқушылар мен мұғалімдер апталық жоспармен таныстырылды. Ақпан айының 28-нен бастап, 1-11 сыныптар аралығында «Алғыс айту,ризашылдық білдіру» тақырыптарында сынып сағаттарытөткізілді.Наурыз айының 1 жұлдызында 9-11 сыныптар аралығында  «Ризамын саған-Қазақ елі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Оқушыларға 1 наурыз - Алғыс айту күні екендігі туралы, біздің елде 100-ден астам өзге ұлттар мен тату тұрып жатқандығымыз туралы кеңінен ақпараттар берілді. Елбасымыздың бұл күнді неліктен  «Алғыс айту күні» ретінде мерекелеуді,қандай мақсатта тойлауды түсіндіріп өттік. Сонымен қатар 4-7 сыныптар арасында «Алғыс айту күні» тақырыбы бойынша интеллектуалды ойын өткізілді. Алғыс жайлы, жұмбақтар мен мақалдар және ситуациялық сұрақтар қойылды. Наурыз айының 2 жұлдызында қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімдерінің ұйымдастыруымен «Алғысым саған шексіз, кең дала — Қазақ елі!» атты 5-7 сыныптар арасында тақырыпта эссе жазудан сайыс өткізілді.Наурыз айының 3 жұлдызында мектеп кітапханашысы Капарова Жанна Яковлевна  өткен тарихымызды құрметтеу мақсатында «Алғыс айту күні» тақырыбы аясында көрме жасап, апта бойы оқушылар кіріп, көрмемен танысып, ақпараттар алып отырды. Сонымен қатар мектеп психологы Есмаганбетова Айгерим Суйндиковна «Мен өмірді сүйемін» атты семинар трениг өткізді. Оқушыларды топқа бөліп, түрлі қызықты ойындар өтті.Наурыз айының 4 жұлдызында оқушылар арасында Бейнелеу өнері мен технология пәнінің мұғалімдерінің ұйымдастыруымен «Ата-анам тірегім», «Қазақстан мақтанышым» атты тақырыптарда сурет салу көрмесі өтті. Салынған суреттер мектеп бұрышына қойылды.Наурыз айының 5 жұлдызында оқушылар үлкендері құрметтеу мақсатында, олардан бата, алғыс алу ретінде  9-11 сынып оқушыларын алып, «Алғыс алу міндетіміз» атты тақырыпта Бірсуат ауылының тұрғыны қарт кісі Конырбаев Сагындык пен Конырбаева Нагима әженің үйіне көмек көрсетуге бардық. Ол кісілер үйінде екеуі ғана тұрғандықтан, үй жағын қар алып, жол жабылып қалған екен.Біз оқушылар мен бірге барып,үйінің алдын, шатырдың ішін,терезелердің алдын қарлардан тазартып бердік. Ол кісілер әбден риза болып, біздерге алғысын жаудырды. Оқушылардыңда ол кісілерден алған батасына разы болып келді. Міне, осылай қайырымды іспен апталықтың қорытындысы аяқталды.

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотров: 848


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст