2017 жылғы 13 наурызда Бірсуат орта мектебінде Мемлекеттік тілді үйреніп жатқан өзге ұлт өкілдерінің 2-4,5-8, 9-11 сынып оқушылары арасында мемлекеттік тілді сауатты меңгеру беделін көтеру, өзге ұлт өкілдерінің оқушылары мен білім алушы жастарының интеллектуалдық,рухани-адамгершілік және патриоттық тәрбие беруге мүмкіндік туғызатын шығармашылық әлеуетін дамыту, жан-жақты дамыған және әлеуметтік жауапты тұлғаны қалыптастыру идеяларын насихаттау мақсатында шығармашылық конкурс өткізілді.Олимпиада 4 номинация бойынша өткізілді: «Әдеби көркем оқу»,«Музыкалы қонақжай», «Көркемдік-театрландырылған қойылым»,«Ұлттық қолданбалы өнер». Мектеп бойынша 5 оқушы қатысты.1.«Әдеби көркем оқу» номинациясына 11"б"сынып оқушысы Похильчук Александара қатысты. а) Халық ауыз әдебиеті шығармаларынан, классикалық шығармалардан, қақақстандық ақын-жазушылар шығармаларынан үзінділерді мәнерлеп оқу (жатқа) (7-10 минут, үй тапсырмасы). Бағалау кезінде мазмұн мәнерлігі, әсерленгіштігі,сахна мәдениеті,орындау сонылығы (шығармашылық тәсілі, киім киісі, декорация, музыка, слайдтары) ескерілді.2.«Музыкалы қонақжай» номинациясы бойынша 7"б"сынып оқушысы Хутиева Тамила қатысты.а) «Әннің сиқырлы әуені» кез-келген жанрдағы әннің вокалды орындалуы. Бағалау кезінде дыбыстың тазалығы,дикциясы,сахна мәдениеті, орындау әдебі ескеріледі.3.«Көркемдік-театрландырылған қойылым» номинациясына 11"б"сынып оқушысы Вагнер Анастасия қатысты.а)«шылуы, сахна мәдениеті,әртістілігі тақырыптың конкурсқа сәйкестігі қаралды. 4.«Ұлттық қолданбалы өнер» номинациясы бойынша 6"б" сынып оқушысы Глинов Дима мен 9 б сынып оқушысы Глинов Игорь белсене қатысты. а) Ұлттық – қолданбалы өнер бұйымдарын көрсетеді және түсініктеме беру (үй тапсырмасы) – 5-7 минут, жеке көрме безендіргені үшінқосыма 2 ұпай.б) Мақал-мәтелдер конкурсы - «Мың бір мақал».в) Мәнерлеп оқу және ілеспе аударма, (мәтін бойынша даярлануға 5 минут,сөйлеуге 5-7 минут).с) Жеке тақырып бойынша диалог -5 минут тапсырмалар орындады. Жеңімпаздар I, II, III дәрежелі дипломдармен марапатталды.«Әдеби көркем оқу» -Похильчук Александара 11"б" сынып – І орын.«Музыкалы қонақжай» - Хутиева Тамила 7"б" сынып – ІІ орын.«Көркемдік-театрландырылған қойылым» - Вагнер Анастасия 11"б" сынып – ІІ орын«Ұлттық қолданбалы өнер» - Глинов Дмитрий 6 "б" сынып, Глинов Игорь 9 "б" сынып оқушылары – ІІІ орынға ие болды.