"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БІРЖАН САЛ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ БІРСУАТ  АУЫЛЫНЫҢ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ" КММ
КГУ "ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА  СЕЛА БИРСУАТ ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ  ПО РАЙОНУ БИРЖАН САЛ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

Әлеуметтік желілер

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Сыңғырла күміс қоңырау" атты мерекелік кештің сценарийі

04.06.2017

25 мамыр - «Сыңғырла күміс

қоңырау» атты салтанатты кештің сценарийі

1-жүргізуші:

Бүгін қандай шаттық толы кеш еді,

Көңіл шіркін, тасып-толып өседі.

 Ұл кешегі жігіт болып қалыпты ,

 Бойжетіпті бантикті қыз кешегі, - демекші, құрметті ұстаздар мен ата-аналар, оқушылар мен қонақтар, Бүгінгі Бірсуат орта мектебінің дәстүрлі мерекесі 25 мамыр күніне арналған  «Сыңғырла,күміс қоңырау!» атты кешімізге Қош келдіңіздер!!!

Білімнің шырақтары жағылады.                                                    

Көңілге қуаныштар қағылады.                                                                               

Тәуелсіз елдің асқақ аспанында,      Шырқалсын қазағымның әнұраны.

– Қазақстан Республикасының Әнұраны орындалсын!

 

1-жүргізуші: Мектеп деген ата-анаңдай әлпештеп, биік шыңдарға жетелейтін, 11 жыл бойы білім нәрімен сусындатып, болашаққа нық қадам басуға көмектесетін алтын ұя."Мектеп – кеме, білім – теңіз" деп қазақ атам бекер айтпаған ғой...

Тыңдаған көңілдегі толғамымды,   Шыңдаған тәрбием мен талғамымды. Өмірдің маған сыйы деп білемін, Өзіңдей жанға шәкірт болғанымды - дей келе бүгінгі кештің мерекелік кешіміздің ашылу сөзі мектеп директоры Мұрзалина Гүлнар Тлеулесқызына беріледі.

Мектеп деп соққан бала жүректері.                                                                            

Бітірген осы мектеп түлектері.                                                                                  Айтылсын бітіруші түлектерге.                                                                   

Қонақтардың жылы лебіз тілектері-дей келе келесі құттықтау сөз  Бірсуат орта мектебінің түлегі, қазіргі таңда Еңбекшілдер аудандық әкімдігі, экономика және қаржы бөлімінің басшысы Омаров Темірбек Бостанұлына сөз беріледі.

Абзал жандар биік тұлға байсалды,
Құшақ жайып төл мерекең қарсы алды.                                                                                    

Түлектерге жарқын тілек білдіріп,                                                                                Құттықтайды бүлдіршіндер баршаңды, - деп, ортаға биыл бірінші сыныпты бітіргелі отырған бүлдіршіндерге сөз беріледі.
Табылған балапан ем ұядағы,

 Қырандай жетілдірдің қиядағы.

Ұстазға деген ыстық сағынышым,

 Бір әнге қалай ғана сыя алады.

 Мектебің – алтын ұя жарқыраған,

 Ұстазың – бұлақ көзі сарқыраған.

 Шыңдалып, шыңға қарай қанат қақтың,

Шарықта, жас қыраным,ақ жол саған – дей келе ортамызға биылғы 52 ші  бітіруші түлектер 11 «А» және 11 «Б» сыныптарын ортамызға шақырамыз.

 

Ажырамай мектептен бір елі сіз, Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз. Сөз берелік құрметпен өзіңізге,   Шәкірттерге арналсын тілегіңіз – дей келе 11 сыныпты ең алғаш қабылдап алып, әліппе үйреткен бастауыш мұғалімі Глинова Г.Г  және 11 сыныбының сынып жетекшісі  Гейгер Қ.Ш мерекелік құттықтау сөзі беріледі.

1-жүргізуші:

Жақсы шәкірт азамат атанады,          Халқынан ата-анадан бата алады.                                                                                          Ұрпағына айтсын деп ақ тілегін,                                                                                            Ортаға шақырайық ата-ананы. Сөз кезегі құрметті де қадірлі ата-аналарымыз атынан ақ жаулықты апамыз бітіруші түлектердің ата-аналарының атынан Бәтима әжемізге сөз береміз.Мектебіміздің биылғы оқу жылының аяқталу бұйрығымен таныстыру үшін сөз  оқу ісінің меңгерушісі  Садыкова Мариям Кайыргелдіқызына сөз беріледі. Мектебіміздің үздік бітіргелі отырған оқушыларды марапаттау үшін мектеп директоры, Мұрзалина Гүлнар Тлеулесқызына беріледі.

1-жүргізуші:

Даусыз ол күн есіңде сақталады,

Жазылмаған өмірдің ақ парағы,

Жаңа дастан күтеді жазуыңды,

Күтпейді тек сыныптың тақталары.

Енді сені күтеді барлық жолдар,

Күтпейді тек мектептің парталары.

Кездеседі дауыл да, дабыл да көп,

Дамылдама, қаймықпа, қабылда кеп.

Үлкен ойдан үлкен іс туар, ойлан,

Болашақтың тағдыры қолымда деп.

Уақыт та емтихан алар,

Ол сын қорқыта алмас.

Көңілге сенім қонсын.

Жас талапкер, билет ал тәуекел деп,

Емтиханда, өмірде жолың болсын.

Қоштасады алтын ұя мектебің

Маңдайыңнан сипап өтер көкте күн.

«Сәт - сапар» деп қол бұлғаймыз бәріміз,

Тілейміз біз армандарға жеткенін - дей келе,

Ұлттық бірыңғай тестті табысты тапсыруларыңызға тілектеспіз. Жаңа өмірлеріңізге ақ жол,сәт сапар тілейміз!

Гүлдерге толы омырау,                                                                                                      

Өмірде жоқ қой тоқырау.                                                                                                       

Қимастық сезім оятып,                                                                                                 

Соғылсын соңғы қоңырау

1-жүргізуші: Осымен 2016-2017 оқу жылының салтанатты соңғы қоңырау жиынын жабық деп жариялай отырып, жазғы демалысты жақсы өткізіп, келесі оқу жылында амандықпен жолыққанша сау-саламатта болыңыздар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотров: 490


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст