Тіл тағдыры – ел тағдыры
Біз жаңа ХХІ ғасырда өмір сүріп жатырмыз. Басты мақсатымыз республикамыздың болашағын қамтамасыз ету. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев: «Біздің тілден артық қазынамыз жоқ. Еліміздің болашағы қазақ тілінде» деп атап көрсеткені баршамызға белгілі. Ана тілі, туған тіл – өте кең ұғым. Халқымызда ана тілін ардақтау өте ежелгі дәстүр. Бұл таным қанымызға ана сүтімен тараған. Ата-бабамыздан қалған, ғасырдан-ғасырға ұласып,ұрпақтан-ұрпаққа жеткен туған тіліміз –қазақ тілі.
Қазақ тілі сонау тары жол тайғақ кешуде талай қиыншылықты көрді. Мысалы: жетпіс жыл солақай саясаттың салдарынан қазақ тілі өшуге шақ қалған еді. Ал бүгінде тәуелсіздігімізді алып, етек жеңімізді жиып, өз алдымызға ел болғанымызға 20 жылдың жүзі болса да, қазақ тілі әлі де ақсау үстінде. Суын ішіп, ауасын жұтып отырған әрбір азамат Қазақстан Республикасының қазақ тілін көздің қарашығындай ақтап, қастерлеп,күнделікті тіршілікте қолданатын болса, ана тіліміз өркендер еді... Тілдің өсіп өркендеуі, елдің өсіп–өркендеуі.
Ал, екінші бақытым тілім менің,
Ет жүректі тіліммен тілім дедім.
Кей кейде дүниеден түңілсем де,
Қасиетті тілімнен түңілмедім – деп ақын Мұқағали Мақатаев жырлағандай біздің бар байлығымыз, бақытымыз,мақтанышымыз қазақ тілі емес пе? Олай болса әрбір қазақ азаматы ана тіліміздің
дамуына өз үлесін қосуы керек.
Ана тілің арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте – деп Қадыр Мырза Әли ағамыз бекер айтпаған. Қазіргі таңда елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың қазақ тілін жоғары көтеруінің арқасында өзге ұлт өкілдері қазақ тілін үйренуге талпынуда.Отан отбасынан басталады. Ендеше әр отбасындағы өскелен ұрпақ ең алғашқы сөзін, әнін ата-анасынан қазақ тілінде естісе, бала–бақшада, мектепте қазақ тілінде білім алса, нұр үстіне нұр болареді.Ел ертеңгі бүгіннен басталарын ұмытпайық ағайын!
Ақмола облысы Еңбекшілдер ауданы
Бірсуат мектебінің
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Рахимжанова Анар Ермековна